From Wikipedia, the free encyclopedia
Джимми Донал Уэйлс (ағылш. Jimmy Donal Wales, сол сияқты Джимбо (ағылш. Jimbo) ретінде танымал; АҚШ, Алабама, Хантсвилл, 1966 жылдың 7 тамызында туған.) — американдық ғаламторшы-кәсіпкер, уики концепциясының идеологы, Уикипедия негізін қалаушы, Уикимедия Қорының төрағасы(2003-2006). Бүгінгі күнде (2011 жаз айлары) Уикимедия Қорының құрметті төрағасы, Wikia, Inc. компанияларының директоры.
Өзінің сұхбаттарының бірінде Уэйлс, анасының айтуы бойынша, 1966 жылдың 7 тамызында дүниеге келген екен, алайда ресми туылу мерзімі 8 тамыз болып жарияланды.[1] Джимми Уэйлс (әкесі) азық-түлік дүкенінде менеджер болып жұмыс жасады. Оның анасы Дорис пен әжесі Эрма Мария Монтессоридің әдісі негізіндегі оқыту жүйесін қолданатын House of Learning (оқу үйі) кішкене жеке меншік мектепке иелік етті. Бұл әдістің негізі - оқушылар оқу түрін, уақытын және мазмұнын түбегейлі жағдайда өздері анықтайтындығында жатыр. Джимми Уэйлске бәрінен бұрын энциклопедияны оқу ұнайтын.
House of Learning мектебінен кейін Уэйлс Randolph School (Рандольф мектебі) білім ошағына, кейін Обурн университетіне түсті. Кейін ол Алабама Университетінде оқыған болатын. Университетті тәмамдағаннан кейін, Уэйлс қаржы саласындағы философия докторы ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертация жазуға шешім қабылдады. Осыған орай Алабама және Индиана университеттеріндегі курстарға түсіп, екеуінде де сабақ бере бастады. Бірақ диссертацияны жазбады.
1994 жылы Уэйлс Чикагоға көшіп барды, онда 2000 жылға дейін құнды қағаздарды саудалады және жеткілікті дәрежедегі үлкен табысқа қол жеткізе отырып, Chicago Options Associates компаниясында қызмет етті.
1996 жылы Уэйлс Тим Шеллмен бірігіп, «ерлерге арналған» Bomis.com. іздеу жүйесін қалыптастырумен айналысатын Bomis компаниясының негізін қалады. Кейін Уэйлске premium.bomis.com. порнографиялық контентіндегі ақылы қор елеулі қаражатқа иелік еткізді.
2000 жылдың наурыз айында «Нупедия» еркін энциклопедиясын жасады және басты редактор қызметіне философ-ғалым Ларри Сэнгеромді жалдады. Энциклопедия автор-мамандармен келісімді негізде құрылды, энциклопедия мақалалары сараптама бағаларынан өткізілді. Нупедияның негізгі ойы ақысыз ғаламтор-энциклопедиясының бос тұрған орнын толтыру болатын.
2011 жылдың 15 маусымда ашық дәріспен Россияға келді. Дәл 20-00 уақытта Пушкин кинотеатрында оның дәрісі басталды және бір сағаттар уақытына жалғасты. Қалған сағаттарда тыңдармандар оған сұрауларын қойды. Келесі 16 маусым күні Уэйлс МИРЭА ұстаздары мен студенттері алдында сөз алды.[2].
2011 жылы немістің «Квадрига» саяси сыйақы беру қазылығы құрамынан Владимир Путинге марапат беруге ұйғарылған шешім үшін шығады. Бұл марапатты Россияның үкімет басшысына берілмеуінің бірден-бір себебі болды. Россияның Президенті Медведев бұл жағдайды ұйымдастыру комитетінің мүшелерінің «қорқақтығы мен ретсіздіктің» туындауы деп есептеп, осы оқиғадан кейін «халықаралық қоғам үшін марапаттау біткенін» мәлімдеді.[3]
Нупедиядағы контент көлемі өте ақырын көбейді, 2001 жылдың 15 қаңтарында Уэйлс пен Сэнгер Уикипедияны құрды. Сайт бастапқы кезде нупедия материалдарын алдын ала құрастыруға арналған болатын, біраздан соң Уикипедияның қарқынды дамуы оның басты жобасына айналды. Уикипедияны жасау ісімен әр алуан кезеңдерде Сэнгер айналысты, Уэйлс көп жағдайда қаржы мәселелерін шешіп отырды. Заң жүзінде Сэнгерді Уэйлс жұмысқа қабылдағандықтан, ол өзін Уикипедияның негізін бірден-бір қалаушысы деп санайды.[4].Көп кешікпей Ларри Сенгер жобаны тастап, Уэйлсті бетке ұстаулы зиялы қауым мен барлық элитаны (ағылшын «decidedly anti-elitist») жек көретін адам ретінде көрсетіп, сынға ала сес көрсетті. Сэнгердің жұмыстан кету туралы өтініші осы уақытқа дейін ағылшын Уикипедиясындағы өзінің қатысушы бөлімінде бар.
2003 жылдың орта кезеңінде Джимми Уэйлс Флорида штатының Тамптағы штаб-пәтерінде бейкоммерциялық ұйым болып табылатын Уикимедиа Қорын құрды. Қор Уикипедиа мен оның ағайындас жобаларын қолдау керек болатын. Сол уақыттан бері Уэйлс Қор президенті және директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатындықтан, оларды қолдаумен белсенді айналысады.
2005 жылдан осы уақытқа дейін (2011) Уикимедиа Қоры түгелдей дерлік гранттары мен жанашырлары есебінен қамтамасыз етіледі.
Уэйлсті бірнеше мәрте Уикипедия ережелерін бұзушылығы бойынша айыптады. Әсіресе, Novell компаниясының бұрынғы қызметкері Джефф Мерки Джимми Уэйлсті 2006 жылы Уикипедиядағы мақаланы ақша беріп жөндеуді ұсынғандығы үшін айыптады.[5].
Уэйлс кей кездері Уикипедияда осы лауазымнан бас тартса да және уикипедиялық бірлестікке әредік кеңес беріп отырса да, ((кім?)) «Кең пейілді диктатор» деп мысқылдай атайды. Уикипедияға арналған Wired журналының кезекті нөмірін дайындауда «Патша «Феррари» көлігі болса да, Хёндамен жүретіні» анықталды.
Публицист Александр Генистің пікірі бойынша, «Джимми Уэйлс – электронды ғасырдың типтік данышпаны. Компьютерлік ойындардың ұялшақ үздігі, барып тұрған әуесқойы, Айн Ридтің бостандықсүйгіштік философиясына бас июші, анархиялық әлеуметтік құрылымдардың жақтасы, Уэйлс Уикипедияны қолы бос уақытында тораптық үлкен жоба болып қалыптасатынын сезбей-ақ құрды. <…> Ең қызығы, Джимми Уэйлстен оның түпкілікті мақсатын сұрағанда, ол: «Ештеңеде емес, тек ермек қана,» - деді.»[6].
Уикипедияның жетістігіне жігерленген Уэйлс 2004 жылы Анджелла Бизлимен бірге әр алуан сайттар үшін wiki технологиясын қолданап хостингтер беретін Уикия (Wikia) коммерциялық жобасының негізін қалады.
Бірінші жұбайы Пэммен Джимми Уэйлс студенттік практика кезінде танысты. Онымен 1994 жылы Чикагоға көшіп келді.
Уэйлстің екінші әйелі Кристина Роан Mitsubishi-де трейдер боп қызмет етті. Роанмен де ажырасты. Осы некеден оның қыз баласы бар.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Jimmy Wales |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.